«Таза Қазақстан – 2025» ҮЛГІ МЕН ҮЛЕС

«Таза Қазақстан – 2025» ұлттық экологиялық бағдарламасын іске асыру мақсатында еліміздегі білім беру мекемелерінде табиғатты қорғауға бағытталған жүйелі іс-шаралар кең көлемде жүзеге асырылуда. Осы бастамалар аясында экологиялық тәрбиенің маңыздылығын арттыру, жас ұрпақты қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға баулу мақсатында «Мектеп орманшылығы» атты оқушылар тобы құрылды.
Аталған топтың жұмысы арқылы оқушылар табиғатпен етене жақын танысып, ағаш отырғызу, аула мен орман алқаптарын тазалау, көгалдандыру, экосабақтар өткізу секілді нақты шараларға белсене қатысуда. Бұл бағыттағы жұмыстар оқушылардың экологиялық мәдениетін арттырып қана қоймай, туған табиғатты аялауға, қорғауға деген азаматтық көзқарасын қалыптастыруда. Іс-шаралар арқылы табиғатты сүюге тәрбиелеу — «Таза Қазақстан – 2025» бағдарламасының басты міндеттерінің бірі ретінде білім беру ұйымдарында кеңінен насихатталуда. Өткен сенбі күні «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың қатысуымен аудан жастары табиғатты көгалдандыру шарасына белсене қатысты. Акция барысында орман шаруашылығының тәлім бағына 200 түп тал отырғызылды. Бұл бастама қоршаған ортаны қорғауға, жасыл желектер санын арттыруға және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Іс-шараға қатысқан аудан әкімі Асқар Қайырғалиұлы жастардың табиғатты аялауға деген ниетін жоғары бағалап, мұндай игі істердің туған өлкенің экологиялық жағдайын жақсартуға зор үлес қосатынын атп өтті.
– Табиғатты қорғау – әрбір азаматтың борышы. Осындай шаралар арқылы біз болашақ ұрпаққа таза, жасыл, көрікті өлке қалдыруға атсалысамыз, – деді аудан басшысы.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған бұл тал егу шарасы аудан тұрғындарын қоршаған ортаны сақтауға шақырып қана қоймай, экологиялық жауапкершілікті арттыруға да бағытталды.