ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ – ОРТАҚ МАҚСАТ

Қазақ елі үшін келелі мәселелерін талқылайтын жиын Қызылорда қаласында өтті. Онда Қазақстанның дамуына қатысты бірнеше маңызды бағыттағы мәселелер кеңінен айтылды.. Осы уақытқа дейін Ұлттық құрылтай отырыстары Түркістан, Атырау, Ұлытау және Бурабай қалаларында өтті. Басқосулар барысында ел дамуына қатысты маңызды мәселелер талқыланып, қоғамдық пікірге негізделген ұсыныстар айтылды. Соның ішінде ел болашағына қатысы айтылған бірқатар бастамалар және өткен жолымызды тарих еншісіне қалдырып, даму көшіне ілесу керектігі айтылды.
-Қазақ мемлекетінің басшысы ретінде мен үшін тәуелсіздік қымбат дүние. Бұл елдегі ұран емес. Қазіргі дүрбелең заманда ұлттық стратегиямыздың негізгі қағидасы жалпы ұлттық бірлік пен келісім. Біз ел бірлігін сақтап, өркендеген, абыройлы, беделді әрі қуатты мемлекет құруды басты міндетіміз деп санауымыз қажет. Осы мақсатқа стратегиялық тұрғыдан қарап, парасатты, дана халық екенімізді көрсетуіміз керек. Бұрын да айттым, қазір де айтамын: біз тарихи жарақат алған ұлт психологиясынан біржола арылуымыз қажет. Біздің ұлтымыздың тағдырына жазылған қайғы-қасірет туралы пікірталасқа үнемі уақыт жұмсамауымыз керек. Бүкіл әлем өзгеріп жатыр, бізге де өзгеру уақыты келді.
Бисекенова Гулнара
«Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығының басшысы



