АУДАНДЫҚ КОАЛИЦИЯ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Ойыл ауданында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясыүшін!» коалициясы аясында түсіндіру және үгіт-насихат жұмыстары жүйелі түрде бастау алды. Желілік кестеге сәйкес кезекті кездесу аудан кәсіпкерлерімен ұйымдасты- рылып, жаңа Конституция
жобасының мазмұны, оның ішінде аграрлық сектор мен кәсіпкерлік саласына қатысты баптары кеңінен талқыланды. Іс-шараны «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Ойыл аудандық илиалының директоры Жасұлан Ержанов ашып, Конституциялық реформаның маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау – экономикалық тұрақтылықтың негізгі факторы екеніне назар аударды. Коалиция мүшесі, Ойыл аудандық мәслихатының төрағасы Сәкен Займолдин жаңа Конституция жобасының саяси және құқықтық маңызын түсіндіріп, оның билік тармақтарының тепе-теңдігін қамтамасыз етуге, заң үстемдігін нығайтуға бағытталғанын жеткізді. Оның айтуынша, жаңа өзгерістер азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін кеңейтіп, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттырады. Ал кәсіпкерлік бағыты бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде Ақмарал Есбатырова мен Исатай Берғалиев нақты баптарға тоқталды. Олар жаңа Конституцияда жеке меншікке қол сұғылмаушылық қағидатының сақталатынын, кәсіпкерлік еркіндігіне кепілдік берілетінін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласын дамытуға құқықтық негіздердің ығайтылғанын атап өтті. Аграрлық сектор – аудан экономикасының тірегі екенін ескере отырып, бұл нормалардың жергілікті кәсіпкерлер үшін стратегиялық маңызы зор екені айтылды.
Кездесу барысында қатысушылар жаңа Ата заң жобасының экономикалық белсенділікті
арттыруға, инвестициялық ахуалды жақсартуға және ауыл кәсіпкерлігін дамытуға серпін беретінін атап өтті. Жиын соңында «AMANAT» партия Ойыл аудандық филиалының атқарушы хатшысы Еркін Жиеналин елімізде өтіп жатқан маңызды саяси науқан – жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырды.
Ол бұл референдум ел болашағын айқындайтын тарихи шешім екенін айтып, барша
азаматтарды бірлік танытып, ортақ мүдде жолында жұмыла әрекет етуге үндеді








