Халықтың тікелей дауыс беруі – демократияның ең жоғары көрінісі.

Әр азаматтың пікірі мен таңдауы мемлекет болашағын айқындауға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде жауапкершілікті арттырып, азаматтық белсенділікті күшейтеді. Референдум барысында қабылданатын шешімдер қоғамның бірлігі мен тұрақтылығын нығайтуға негіз болады.
Жаңғыру үдерісі – тек саяси өзгерістер ғана емес, ол экономикалық даму, әлеуметтік әділеттілік, құқықтық мәдениетті жетілдіру сияқты кешенді бағыттарды қамтиды. Қабылданатын шешімдер осы салалардың барлығына оң әсерін тигізіп, елдің ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
15 наурыз – ел тарихындағы маңызды күндердің бірі. Бұл – әр азаматтың мемлекет тағдырына бейжай қарамай, ортақ жауапкершілікті сезінетін сәті. Референдум арқылы халық өз болашағын өзі айқындайды, ал бұл – тәуелсіз елдің ең басты құндылығы.
Каплиева Гүлайым-Ойыл аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі



