Экономика
ЖАҢА ҚОНЫС ТҰРҒЫН ҮЙ АЛАБЫНДА ҰЗЫНДЫҒЫ 3,8 КМ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ САЛЫНДЫ
Ойыл ауылындағы су тасқыны салдарынан зардап шеккендер үшін жаңадан бой көткерген Жаңа қоныс тұрғын үй алабына ұзындығы 3,8 км автомобиль жолдары салынды.
Жаңадан қоныс аударған тұрғындар сапалы салынған жолдың игілігін көруде. Жалпы құры 489,056 млн тенгені құрайтын автомобиль жолдарын мердігер <<ЗапКазПромСтрой>> ЖШС-і құрылыс компаниясы салып берді. Қазіргі таңда жұмыстар толығымен аяқталған. Құрылыс жұмыстарына тұрғындар дән риза. Аудан ішінен жаңадан бой көтерген тұрғын үй алабында тек сапалы құрылыс жұмыстары жүзеге асырылып жатыр.
Изгарина Жаңгүл
Жастар ресурстық орталығы басшысы
Мәслихат депутаты