
8 наурыз – көктемнің шуақты мейрамы, әйел-аналарға құрмет көрсететін ерекше күн. Осы атаулы мерекеде аудан әкімі ардақты аналарды арнайы құттықтап, олардың еңбегіне алғыс білдірді.
Әкімнің арнайы құттықтауына еңбекқор, елге үлгі болған аналар – Шәйзада Қлипанова, Рухан Алманиязова және «Алтын алқа» иегері Бибі Базарова ие болды.
Олар саналы ғұмырын бала тәрбиесіне, халыққа қызмет етуге арнап, қоғамның дамуына өз үлестерін қосқан ардақты жандар.
Қатысушылар әкімнің құрметіне ризашылықтарын білдірді. Көктемнің шуақты мерекесінде елдің гүлденуіне өз үлесін қосқан аналарға құрмет көрсету – ізгі дәстүрдің белгісі.