«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» БАҒДАРЛАМАСЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

Мемлекет басшысы әрдайым өз Жолдауларында білім саласын дамытуға, оның ішінде жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беруге ерекше көңіл аударады. Бүгінгі Бурабайда өткен ІV Ұлттық құрылтайда Президентіміз білім саласына кеңінен тоқталды.
Мәселен мемлекет басшысы өз сөзінде
«Былтыр мектептерде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы қолға алынды. Бағдарламаны қабылдау – істің басы ғана. Енді жаңарған құжатты еліміздегі барлық мемлекеттік білім ошағына енгізу керек.
Бұл құжатты алдағы уақытта жекеменшік мектептер де басшылыққа алуға тиіс. Себебі тәрбие жұмысы балаларды түгел қамтуы қажет. Сонда ғана бұл бастама жалпыұлттық ауқымға ие болады.
Жобаның түпкі мақсаты – отаншыл, білімді, жасампаз ұрпақ тәрбиелеу. Мұның бәрі – адал азаматқа тән қасиеттер.
Құрылтай мүшелері алдағы уақытта осы бағдарламаны «Адал азамат» деп атауды ұсынып отыр. Мен бұл ұсыныспен толық келісемін»
Балалар болашағымыз екенін ескерсек оларға сапалы білім беру басты міндетіміз деп санаймын.
Изгарина Жангүл Бақытжанқызы
Ойыл аудандық мәслихат депутаты