ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ – ЖАҢА БЕТБҰРЫС!

Бүгін еліміз үшін маңызды оқиға – Ұлттық құрылтай өтті. Бұл жиын халық пен билік арасындағы ашық диалогты дамытуға, елдің болашағына қатысты өзекті мәселелерді талқылауға арналған.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құрылтайда сөйлеген сөзінде елдің дамуы үшін бірлік пен жаңашылдықтың маңызын атап өтті. Ол “Әділетті Қазақстан” құру жолындағы реформалардың жалғасатынын, халықтың мүддесі әрқашан басты назарда болатынын айтты.
✅ Ұлттық құрылтай – ел дамуына арналған маңызды бастама.
✅ Жаңа идеялар мен нақты шешімдер ұсынылды.
✅ Қоғамдық келісім мен ұлттық құндылықтарға басымдық берілді.
Бұл құрылтай – жаңа Қазақстанның жарқын болашағына бастайтын қадам. Бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Анар Аралқызы
Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығының маманы