Ауыл баласы мен қала баласының білім алу мүмкіндігі бірдей болуы керек – Тоқаев https://kaz.inform.kz/news/auil-balasi-men-kala-balasinin-blm-alu-mumkndg-brdey-bolui-kerek-tokaev-3961ee/

АСТАНА. KAZINFORM – Ауыл баласы мен қала баласының білім алу мүмкіндігі де бірдей болуы керек. Бұл туралы елордада өтіп жатқан ұстаздардың республикалық тамыз конференциясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
Фото: Ақорда
– Кейінгі төрт жылда 4 мыңнан астам ауыл мектебінің материалдық-техникалық қоры жаңғыртылды. Оның басым көпшілігі – ауыл мектептері. Ауылдағы білім ошақтарына күрделі жөндеу жүргізіліп, жаңадан кітапханалар, асханалар мен спорт залдары салынып жатыр. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады. Баланың бәрі – бірдей. Ауыл баласы мен қала баласының білім алу мүмкіндігі де бірдей болуы керек. «Келешек мектептері» жобасының негізгі мақсаты да – осы, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының пайымынша, мұғалімдер мемлекеттік маңызы бар жұмысты атқарып жатыр.
Дегенмен ұстаздың назары бала оқыту ісінде болуға тиіс.
Тегтер:
Білім
Мұғалім
Президент
Ақорда
https://kaz.inform.kz/news/auil-balasi-men-kala-balasinin-blm-alu-mumkndg-brdey-bolui-kerek-tokaev-3961ee/