Экономика

Жаңа білім дәуірі: Жолдау тапсырмалары орындалуда

Президент Жолдауында айтылған басты бағыттардың бірі – әр балаға сапалы білім беру. Осы мақсатта елімізде 232 жаңа мектептің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл оқушы орындарының тапшылығын жойып, үш ауысымды оқыту мәселесін шешуге жол ашады.
Инфрақұрылыммен қатар, білім мазмұны да өзгеруде. Оқушылардың білімін практикамен байланыстыруға, функционалдық сауаттылығын арттыруға баса назар аударылуда. Соның нәтижесінде Қазақстан халықаралық деңгейде үздік елдердің қатарынан көрініп отыр.
Мемлекет ерекше қажеттілігі бар балаларға да жағдай жасауды ұмытпайды. Мектептердің басым бөлігінде инклюзивті білім беру мүмкіндігі бар, бұл қоғамдағы әділеттіліктің көрінісі. Сондай-ақ барлық оқулықтардың электронды нұсқасы енгізілді, бұл шалғайдағы оқушыларға да бірдей қолжетімділік береді.
Ақтөбе облысында да жаңа мектептер бой көтеріп, білім беру сапасы артып келеді. Өңірдің жастары болашақта елдің дамуына үлес қосатын білікті азамат болып өсіп келеді.

Үмбетхан Сәрсенбин, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің әлеуметтік-саяси пәндер кафедра меңгерушісі

Related Articles

Back to top button