ЖАҢА СЕРПІН

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған Ұлттық қордың тұрақты даму құралы ретіндегі рөлін қайта қарау бастамасы – елдің ұзақмерзімді экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін стратегиялық шешім. Бұған дейін қор негізінен экономикалық тұрақсыздық кезеңінде елдің қаржылық тірегі рөлін атқарып келді. Алайда қазіргі жағдайда оны тек резерв емес, инвестиция құралы ретінде қарастырудың маңызы зор. Егер Ұлттық қордың қаражаты мұқият сарапталған, болашағы бар жобаларға бағытталса, бұл ұлттық экономиканың әртараптануына жол ашады. Индустрия, инфрақұрылым, жасыл энергетика және цифрлық технология салаларына салынған инвестициялар елге қосымша пайда әкеледі. Сонымен бірге, мұндай тәсіл жұмыс орындарын көбейтіп, салық түсімдерін арттыруға ықпал етеді. Ең бастысы, қаржы бөлу кезінде ашықтық пен тиімділік басты назарда болуы қажет. Халықаралық тәжірибелі инвесторлар мен басқарушыларды тарту осы процестің сапасын арттырады. Сондықтан қорды «ұлттық даму инвестициясының құралы» ретінде пайдалану Қазақстан экономикасының болашағына жаңа серпін береді.
Болат Бақтыгереев — ардагерлер кеңесінің төрағасы