Экономика
Мемлекет басшысы Монако Князьімен кездесті

НЬЮ-ЙОРК. KAZINFORM — Нью-Йорк қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев Монако Князьі ІІ Альбермен кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Фото: Ақорда
Президент Қазақстан мен Монако арасындағы қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтудің мол әлеуеті бар екеніне тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Князь ІІ Альберді елімізге ресми сапармен келуге шақырды.
Сондай-ақ тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Айта кетелік Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембург Премьер-министрімен келіссөз жүргізген еді.
https://kaz.inform.kz/news/memleket-basshisi-monako-knyazmen-kezdest-cdf3fc/