Экономика

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЖАҢА ҚҰРЫЛАТЫН БІРПАЛАТАЛЫҚ ПАРЛАМЕНТКЕ «ҚҰРЫЛТАЙ» АТАУЫН БЕРУ ЖӨНІНДЕ ҰСЫНЫС БІЛДІРДІ.

Мемлекет басшысының 5-ші Құрылтайда елімізде жүргізіліп жатқан түбегейлі реформалардың барысы туралы айтқан кейбір ұсыныстарына тоқталайық. Мәселен, Парламенттік реформаға сәйкес Мемлекет басшысы жаңа құрылатын бірпалаталық Парламентке «Құрылтай» атауын беру жөнінде ұсыныс білдірді. «Қысқаша айтқанда, «Құрылтай» деген атауды беру керек деп сенемін. Азаматтарымыз осы мәселеге қатысты өз пікірін білдіріп, ұсыныстарын жолдады. Жұмыс тобы келіп түскен ұсыныстарды зерделеп, барлық жағынан қарастырды. Өте маңызды жұмыс атқарылды. Бұл бағыттағы шаруаның бәрін өзім тікелей бақылауда ұстадым», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президенттің сөзінше, былтыр қазан айының ортасында жұмыс тобының алғашқы отырысы өткен, ал жаңа жылдан бері жұмыс тобының мүшелері үш рет бас қосқан. Мемлекет басшысы «Құрылтай» атауының тарихи аясы мен мағынасы халқымызға түсінікті әрі жақын екенін атап өтті.
Ғазиз Аңсаған
Белсенді жас

Related Articles

Back to top button