Экономика

Жаңа Конституция жобасы Қазақстанның саяси және құқықтық жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам

Жаңа Конституция жобасы Қазақстанның саяси және құқықтық жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Ол елдің демократиялық даму жолын нығайтып, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейтуді көздейді. Конституциялық реформалар халықтың еркін білдіру, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Жаңа Конституцияда мемлекеттің халық алдындағы жауапкершілігі артып, азаматтық қоғамның рөлі күшейеді. Басқару жүйесін жаңарту арқылы әділдік, ашықтық және заң үстемдігі қағидаттары басты орынға шығарылады. Бұл өзгерістер қоғамның мемлекетке деген сенімін арттыруға ықпал етеді.
Изгарина Жаңгул
Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы

Related Articles

Back to top button