Жаңа Конституция – саяси жүйені түбегейлі жаңғыртудың құқықтық негізі

Мемлекеттің саяси жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси даму деңгейін айқындайтын негізгі факторлардың бірі болып табылады. Осы тұрғыда Жаңа Конституцияның қабылдануы Қазақстандағы саяси жүйені жаңғыртудың институционалдық және құқықтық негізін қалыптастырды. Конституциялық реформалар мемлекетті басқару тетіктерін қайта құрылымдауға және демократиялық қағидаттарды нығайтуға бағытталды.
Жаңа Конституция билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу арқылы саяси жүйенің теңгерімділігін арттыруды көздейді. Атқарушы биліктің шектен тыс үстемдігін төмендету және заң шығарушы органның рөлін күшейту саяси шешімдер қабылдау үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде билік институттарының өзара тежемелік әрі тепе-теңдік механизмдерін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Сайран Саматұлы
Ойыл аудандық мәслихат депутаты



