Экономика

Конституциядағы маңызды жаңалықтардың бірі

Конституциядағы маңызды жаңалықтардың бірі – адам құқықтарын қорғау тетіктерінің кеңеюі. Конституциялық Соттың қайта құрылуы азаматтарға өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауда қосымша мүмкіндік берді. Бұл құқықтық мемлекеттің басты белгісі болып табылатын заң үстемдігін қамтамасыз етуге жол ашады. Сонымен қатар, өлім жазасының толықтай жойылуы Қазақстанның гуманистік құндылықтарға берік екенін көрсетті.

Жаңа Конституция жергілікті өзін-өзі басқару мен азаматтық қоғам институттарының дамуына да серпін берді. Саяси партияларды тіркеу талаптарының жеңілдетілуі, сайлау жүйесіндегі өзгерістер халықтың мемлекеттік басқаруға қатысу деңгейін арттырды. Бұл – қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтудың маңызды алғышарты.
Шалабаев Тыныштыбай
Қоғам белсендісі

Related Articles

Back to top button