Экономика
Жаңа Ата Заңға енгізілетін өзгерістер

Жаңа Ата Заңға енгізілетін өзгерістер – еліміздің саяси және қоғамдық дамуының маңызды кезеңі деп есептеймін. Конституция – кез келген мемлекеттің басты құжаты, яғни барлық заңдардың негізі. Сондықтан оған енгізілетін әрбір өзгеріс халықтың болашағына тікелей әсер етеді.
Бұл реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейту. Соңғы жылдары қоғамда саяси реформаларға деген сұраныс артты. Азаматтар ашықтықты, әділдікті және шешім қабылдау үдерісіне көбірек қатысуды қалайды. Жаңа өзгерістер осы қажеттіліктерге жауап береді деп ойлаймын.
Саматұлы Сайрам
Ойыл аудандық мәслихат депутаты



