Ақтөбеде өткен ауқымды экоакцияда жастар қоқыс жинап жарысты

Ақтөбеде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «JasylCross – 2026» экологиялық плоггингіне 500-ге жуық жас қатысып, бір күннің ішінде 1317 қап қоқыс жинады.
🌱 Богослов тас жолы бойында өткен ауқымды экологиялық акция өңірдегі ең ірі бастамалардың біріне айналды. Шараға жас экобелсенділер, волонтерлар, жастар ұйымдарының мүшелері, «Жасыл ел» еңбек жасақтарының сарбаздары және қоғам белсенділері қатысып, табиғатты тазарту ісіне өз үлестерін қосты.
📌 Плоггинг форматындағы жарыс барысында қатысушылар белгіленген аумақта жүгіру және жаяу қозғалу арқылы тұрмыстық қалдықтарды жинады. Нәтижесінде бірнеше сағаттың ішінде аумақтан 1317 қап қоқыс шығарылып, табиғи орта тазартылды.
🏆 Қазылар алқасы командалардың белсенділігі мен жиналған қалдықтардың көлемін бағалап, үздіктерді анықтады. Қорытындысында үздік нәтиже көрсеткен екі команда кубок және медальдармен марапатталды. Ал жарысқа қатысқан өзге командаларға алғыс хаттар табысталды.
🎯 Акцияның басты мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін арттыру, қоғамда тазалық пен жауапкершілік қағидаттарын нығайту және қоғамда тазалық құндылықтарын дәріптеу.
💬 «Атамекен» студенттер отряды жастар қоғамдық бірлестігінің басшысы Нұржан Шаңғытбаевтың сөзінше, мұндай жобалардың қоғам үшін маңызы зор.
✨ Ұйымдастырушылардың айтуынша, «JasylCross – 2026» экологиялық плоггингі дәстүрлі шараға айналып келеді және алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Өйткені бастама жастардың қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, табиғатқа жанашырлықтың сөзбен емес, нақты іспен дәлелденетінін тағы бір мәрте көрсетіпті.



