Экономика

ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТОҚТАМАЙДЫ

Ойыл ауданына қарасты шалғай орналасқан ауылдардың бірі — Сарбие ауылдық округі. Мұндағы негізгі күнкөріс көзі мал шаруашылығы. Әр шаңыраққа қаражат көзін құятын мемлекеттік нысандар саусақпен санарлықтай. Әйтсе де ауыл тұрғындары заман ағымынан сырт қалған емес. Әсіресе ауылда тазалық жұмыстары тоқтаған емес. Бәрі де даму мен жаңғырудың, қора, үй жайларын жаңалап, сыртқы қасбетін түзеп, туған жердің көркеюіне бір кісідей атсалысып келеді.

Нақтырақ айтсақ, көктемгі тазалық айлығы басталғалы округ  орталығынан 35 тонна тұрмыстық қалдықтартар шығарылып, елді-мекен аумағы ретке келтірілді. 12 көше толығымен тазартылып, 12,5 тонна тұрмыстық қалдық шығарылды. Округ аумағындағы Жекендісай өзені жағалаулары тұрмыстық қалдықтан тазартылды. Ауыл тұрғындары демалатын саябақтар — демалыс орындары әктеліп, барлық мекеме ауласына, саябақтарға, демалыс орындарына гүл көшеттері егілді. Округ орталығында тал егу күні қарсаңында 300 түп тал отырғызылды. Оның 100 түбі терек, 200 түбі қара ағаш. Сарбие және Қаракөл елді мекеніндегі тұрмыстық қалдықтарды төгетін полигонын ретке келтіліп, түйіп тегістелді. Тазалық айлығына 125 адам мен 11 техника жұмылдырылды.

Өз тілшіміз.
 

Басқа жаңалықтар