ӘкімдікӘлеуметБасты тақырыпМәдениет
«БІЗ БІРГЕМІЗ» ӨНЕР САПАРЫ АҚТӨБЕЛІК ӨНЕРПАЗДАРДЫҢ ҚОЛДАУЫ
ҒАЗИЗА ЖҰБАНОВА АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫНЫҢ ЖҰЛДЫЗДАРЫ «БІЗ БІРГЕМІЗ» АТТЫ ӨНЕР САПАРЫМЕН АУДАНҒА КЕЛДІ. АТАЛМЫШ ӨНЕР ҰЖЫМЫ СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН ТҰРҒЫНДАРДЫ РУХАНИ ҚОЛДАП, ДЕМЕУ МАҚСАТЫНДА КОНЦЕРТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ҰСЫНДЫ.
Әні мен әуені, жыры мен термесі үйлескен жастар саф өнерді аңсаған көрермендерге нағыз рухани нәрсыйлады.Кеш шымылдығы «Арайлы Ақтөбе» фольклорлық ансамблінің орындауындағы Қазанғаптың «Ақжелең» күйімен түрілді. Әрі қарай Арайлым Мырзабекова, Ақбота Қоянбайқызы, Гүлхан Бөрібасова,
Мәншүк Мұқанова, Ернар Дүйсеев, Әкімжан Шәкіров сынды өнерлі жастар халық арасында кеңінен тараған әндерді орындады. Батыс өңіріндегі бірегей өнер ордасы жұлдыздарының жеке орындаудағы
әсем әндері де көпшілік көрерменнің көңілінен шығып жатты. Кеш қонағы жерлесіміз Еркебұлан Құмаров шыққанда асыға күткен көрермендер қызу қошеметін аямады. Кешті қортындылаған «Жылтыр көйлек» әні жас әншінің өнер өлкесіне жолын ашты десе де болады. Әрбір әнге зор қошеметін аямаған жиылған жұрт әдемі кештен тамаша көңіл күйге бөленіп тарқасты. Кеш соңында аудан әкімі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды қолдау мақсатында өңірімізге арнайы келген филармония ұжымына ризашылығын білдіріп, Алғыс хатын табыстады.