Рухани жаңғыруЭкономика
ОҚУШЫЛАРҒА ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚТЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Өткен аптада бүкіл әлем есірткі заттарын теріс пайдаланумен және олардың заңсыз айналымымен күресудің халықаралық күнін атап өтті.
Халықаралық күн 1987 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының өз қызметін күшейтуге және Нашақорлықсыз әлемдік қоғам құруға деген шешімінің көрінісі ретінде құрылды. Бұл күн қоғамның назарын нашақорлықтың жаһандық проблемасына, оның салдары мен оны жеңуге бағытталған күш-жігерге аударуға арналған.
Нашақорлық және олардың заңсыз айналымы бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатына үлкен жағымсыз әсер етеді.
Осы аталмыш күнде мектеп жанынан құрылған “BalaLand”балалар жазғы лагерінің демалушылары Ойыл аудандық музейіне барып «Шынайы, саф өмір» тақырыбында дәрігерлермен кездесу және көрме ұйымдастырылып, оқушылар жетекшілерімен бірге қатынасты.