Экономика

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде Атом электр станциясын салу мәселесін ұлттық референдумда биыл 6 қазанда өткізуді белгіледі.

Қазақстан ядролық салаға жаңадан келген мемлекет емес. Жалпы бейбіт атом энергиясын пайдалану – бүгінгі глобализация үдерісіндегі әлемнің ең өзекті, сонымен қатар қарама-қайшылығы көп мәселесінің бірі. Ядролық энергияның тиімділігі мен тұрақтылығы біраз елге оны таза энергия көзі ретінде қолдануға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Атом энергиясының басты ұтымды тұсы – оның экономикалық тиімділігі. Мұнай мен газ бағасы тұрақсыз болғандықтан, біраз мемлекет энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тұрақты энергия көзіне көшуді қарастырып отыр. АЭС-тің бір артықшылығы сол, тұрақты әрі ұзақ мерзімді энергия көзін қамтамасыз етеді.
Тыныштыбай Шалабаев
Ойыл мүгедектер қоғамының төрағасы

Басқа жаңалықтар