Бүгін мереке қарсаңында Ойыл селосында екі ойын алаңы ашылды. Бірі жаңа құрылыс аймағында болса, екіншісі «Жолшы» балабақшасының жанындағы алаңда орналасқан. Ойын алаңының ашылуына орай аудан әкімі Асқар Қазыбаев төңірегінде тұратын балалардың қуанышын бөлісіп, тілегін білдірді. Ақ жаулықты әжелер шашу шашып, ізгі лебіздерін жаудырса, жастар жағы ауылды абаттандыруға байланысты ұсыныстарын жеткізді.
Ал, ойын алаңдарының құрылысын қысқа мерзімде «НұрсәтҚұрылысгрупп» ЖШС-і жүргізді. Осы мақсатқа мемлекет қазынасынан 23 млн. теңгеден астам қаржы жұмсалды.