Экономика

Баршаңызды еліміздің ең ұлық мерекесі — Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

Тәуелсіздік — ата-бабаларымыздың сан ғасыр бойғы арман-тілегінің ақиқатқа айналған, ғасырлар тоғысында бой көтерген тәуелсіз мемлекетіміздің ең басты мерекесі.
Тәуелсіздік — дәуір мен уақыттың бізге берген үлкен сыйы, халқымыздың мәңгілік құндылығы.
Жер бетіндегі қай ұлт, қай халық үшін де тәуелсіздіктен биік ұлы мұрат жоқ. Еліміздің Тәуелсіздігі — ұлтымыздың ежелден еркіндік аңсаған асқақ рухының және ұлт тарихындағы барлық азаттық үшін болған күрестердің көк байрақты жеңісі. Сондықтан бұл мерекенің маңызын түсініп, ұғынып, ұлықтай білейік! Жас ұрпаққа өткен тарихты жеткізіп, олардың жарқын болашағына жол ашайық!

Айта кету керек, тәуелсіздік жылдарында біздің өңірімізде қыруар жұмыстар атқарылып, халықтың әл-ауқатын көтеруде көптеген жобалар жүзеге асты. Соңғы жылдары облысымыз өркендеп дамып, барлық салада оң өзгерістер болуда. Бұл да осы егемендіктің, өңір тұрғындарының ауызбіршілігі арқасында болып отыр. Сондықтан осынау ұлық мерекеде барша ақтөбеліктерге амандық, отбасыларына құт-береке, толағай табыстар тілеймін!

Боран Избасов, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты

Басқа жаңалықтар