Экономика
Құрметті ақтөбеліктер! Қымбатты жерлестер!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Біздің көпұлтты халқымыз үшін әлемнің саяси картасында пайда болған бұл күн тарихи сәт болып саналады. Бұл күн — ата-бабаларымыз армандаған еркіндік пен тәуелсіздіктің мерекесі.
Бүгінде еліміз серпінді дамып, әлемдегі абыройы асқақ, беделі биік елге айналды. Болашақта алар асуы мен шығар шыңы одан да биік боларына үмітіміз зор, сеніміміз кәміл.
Елдік мақсат-мұрат жолында атқарып жатқан еңбектеріңіз жемісті, қызметтеріңіз табысты болсын.
Баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат-қуат, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық тілеймін.
Игі тілекпен, облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева