Экономика
Жыл қорытындысы: Ақтөбеде 2025 жылда 25 жаңа мектеп пайдалануға беріледі

Қазіргі уақытта өңірде оқушыларға сапалы білім беруді ұйымдастыру – басты басымдықтардың бірі.
Осыған орай, биылғы жылы 9 жаңа мектеп халық игілігіне берілді. Ал жыл соңына дейін тағы 3 мектеп құрылысын аяқтау жоспарда.
Сондай-ақ, келер жылы 11,1 мың оқушыға арналған 13 жайлы мектеп құрылысы аяқталып, іске қосылады.
Бұған қоса, шалғай ауылдарда жергілікті бюджет және басқа қаржы көздерінен 4 300 орындық 14 мектеп салынады.
Білім нысандары бойынша 3 үш ауысымды, 2 апатты мектептер мәселесін шешу мақсатында 2025 жылы 25 жаңа мектеп салынады.
Бұдан бөлек, ерекше балаларға арналған 300 орындық балабақшаның құрылысы басталады.