Басты тақырып

«КӨГІЛДІР АСПАН АЯСЫНДА»

Жаз — балалардың демалып, бой жазатын мезгілі. Осы орайда балалар демалысын тиімді пайдалану мақсатында Ойыл аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен орталық саябақта «Көгілдір аспан аясында» атты бағдарламалық шара өтті. Орталық саябаққа жиналған бүлдіршіндер екі топқа бөлініп  «Көңілді старт» эстафетасына қатысуынан басталды. Бұл сайыста  жылдамдық пен тапқырлық танытса, караоке батл сайысында ән шырқап, өз өнерлерін ортаға салды. Ал педагогикалық ойындарда шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Әрбір ойындары қызықты ұйымдастырылған шарада бүлдіршіндер таза ауада белсенділікті дәріптеп, ойын арқылы салауатты өмір салтын насихаттады.

Сонымен қатар тарихи мультфильм көрсетіліп, Ойыл аудандық орталық кітапхананың «Бақытты балалық шақ балалар әдебиетінде» атты кітапхана қорындағы балаларға арналған әдебиеттер жайлы кеңінен таныстырылды.

Шара соңында сайыстардың жеңімпаздары естелік сыйлықтармен марапатталып, барлық балаларға балмұздақ таратылды.

Г.АБАЙҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар