Экономика

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ҚЫСТА ДА МАҢЫЗДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында бірқатар салаларға тоқталып өткен болатын. Соның ішінде Президент өзінің тікелей бастамасымен іске асып жатқан – «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын өткізудің мән-маңызына ерекше атап өтті.
Бұл акция біздің ауданымызда да жалғасын тауып келеді. Сенбілікті Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығы қолға алып, оған ауданның белсенді жастары қатысып қолдау көрсетті. Акция барысында Ойыл аудандық аурухана қызметкерлері, аудандық мәдениет үйі, балалар-жасөспірімдер спорт мектебі және Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары бірлесіп, ауданның көрікті орындарының бірі — Даңқ саябағын қардан тазартты. Белсенділер саябақты тәртіпке келтіріп, қоғамдық орынның әсемдігін арттыруға өз үлестерін қосты.
Экологиялық акцияға қатысушылар қоршаған орта тазалығын сақтаудың маңыздылығын мен қатар мұндай игі шаралардың қоғам үшін қажеттілігін көрсетті. Алдағы уақытта аудан жастары осындай экологиялық бастамаларды жалғастыруға ниетті.
Ауызбіршілік пен еңбекқорлықты ұрандарына айналдырған жастар аудан көлемінде көпке үлгі боларлық шараларды одан әрі жалғастырмақ.

Басқа жаңалықтар