Экономика

Мектепке дейінгі ұйымдарға төленетін тамақтану ақысы өзгермейді

2025 жылы мектепке дейінгі ұйымдарда бір баланың тамақтануы үшін ата-ана төлемінің мөлшері: қалалық жерде күніне 800 теңге; ауылдық жерде күніне 600 теңге болып белгіленді.

«Мектепке дейінгі ұйымдарда тамақтандыруды ұйымдастыру сапасын бақылау мақсатында бракераждық комиссиялар құрылды. Бракераж комиссиясының құрамына медицина қызметкері, ата-аналар комитеті мен қамқоршылар кеңесінің, әкімшіліктің өкілдері енгізілді» — деп атап өтті өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева.

Басқарма басшысының айтуынша, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектепке дейінгі ұйымдарда арнайы санаттағы отбасындағы 2279 бала 100% тегін тамақпен қамтылған, ол үшін жергілікті бюджеттен 415 млн. теңгеден астам қаржы бөлінген.

Басқа жаңалықтар