Экономика

Ғылымды дамыту – маңызды қадам

«Ғылымды дамыту – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар басымдық. Әсіресе дарынды, қабілетті жастардың ғылыммен айналысуына жағдай жасау өте маңызды».
Қ.Ж. Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті.
Соңғы жылдарда еліміз ғылымды дамыту жолында үлкен жұмыстар атқаруда. Докторантурада білім алу мүмкіндігі үшін гранттар санының артуы, ғылыми ізденушілерге шетелде ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігі, ғылыми жобаларды қаржыландыру көлемінің арттуы, мегагранттар үшін байқаудың өткізілуі. Сонымен қатар жас ғалымдардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жеңілдетілген несиемен баспана алу бойынша бағдарламаның жасақталуы осыған дәлел.
Осы тұста Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғалымдары ғылыммен айналысу кезінде тасада қалмауда. Соның бірі тау-кен кешенін дамыту бағыты бойынша «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мемлекеттік тарапынан берілген гранттық қаржыландыру есебінен өңірдегі металлургиялық кәсіпорындармен бірлесіп ғылыми жобалар жүзеге асырылуда. Осы арқылы университетімізде заманауи қондырғылары бар зертханалар жасақталуда, алыс жақын шетел ғалымдармен бірлесіп жұмыстар атқарылып келеді.
Жоғарыда келтірілген ел Президентінің сөздеріне мән беретін болсақ қоғамда ғылымды дәріптеу және оны дамыту арқылы ел экономикасын өсіруге мүмкіндік береді. Ол үшін ғылым дерексіз, яғни абстрактілі емес, нақты қолданбалы, күнделікті өмірде пайдасы мол сала болуға тиіс.

Есенгалиев Дәурен Амангельдинвич, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Металлургия және тау кен ісі кафедрасының доценті

Related Articles

Back to top button