ЦИФРЛАНДЫРУ ҮЛКЕН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

Ұлттық құрылтайдың ІV отырысында мемлекет басшысы озық цифрлық тәсілдер мен жасанды интеллектіге қолайлы орта қалыптастыру жұмыстарын еселеп күшейту керектігін тапсырған болатын.
– Меніңше, Қазақстанның кемінде төрт салада орасан зор мүмкіндіктері бар. Осы салаларда біз өз елімізді қамтамасыз етіп қана қоймай, аймақтық, тіпті, жаһандық ауқымда ықпалымызды жүргізе аламыз. Цифрландыру ісі мен жасанды интеллект, көлік тасымалы, энергетика, агроөнеркәсіп кешені және адам капиталы негіз болады, – деді Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша Қазақстан цифрландыру мен жасанды интеллектіні қолдану ісінде еліміз зор жетістікке жете алады. Қазақстан қазірдің өзінде БҰҰ Электронды үкіметтің даму деңгейі жөніндегі рейтингінде 190 мемлекеттің ішінен алғашқы 25 елдің қатарына кіріп тұр.
Аталған мәселе өте өзекті деп санаймын. Жаһандық дамудың көшіне ілесіп келе жатқан еліміз үшін бұл салалар аса қажет.
Ешпанова Назгул
Ойыл аудандық мәслихат депутаты