Экономика

ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ЖАСТАР САЯСАТЫНА ЕРЕКШЕ ТОҚТАЛЫП ӨТТІ

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда жастар саясатына ерекше тоқталып, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, білім беру сапасын арттыру және жас ғалымдарды қолдау бағытында нақты ұсыныстар жасады.
Мемлекет басшысының бұл бастамалары – еліміздің тұрақты дамуына жасалған маңызды қадам.
Бүгінгі жастар – ертеңгі ел тұтқасы. Сондықтан олардың сапалы білім алуы, өз әлеуетін толық жүзеге асыруы және кәсіби дамуы – мемлекеттің басты назарында болуы заңдылық. Президент атап өткендей, жастардың тұрғын үй мәселесі, олардың стартаптарын қолдау, ғылымды коммерцияландыру және жоғары білім жүйесін жетілдіру – бүгінгі күннің өзекті міндеттері.
Мен, жастар көшбасшысы ретінде, бұл бастамаларды толық қолдаймын және олардың нақты жүзеге асуы үшін бар күш-жігерімді саламын. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жас ғалымдарға, студенттерге және жас кәсіпкерлерге арналған бірқатар бағдарламалар іске асырылуда. Алайда біз жастармен тікелей жұмыс істейтін ұйымдар ретінде осы бағдарламалардың қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруға үлес қосуымыз қажет.

Мұхамбетқали Бақберген

Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі

Related Articles

Back to top button