Бюджетте қаржы болмаса, мемлекет өз міндетін толық атқара алмайды, әлеуметтік міндеттемелер де орындалмайды

Бүгін Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі салық реформасына қатысты осылай деп пікір білдірді. Бурабай баурайында өткен алқалы жиында Қасым-Жомарт Тоқаев қазір қоғамда қызу талқыланып жатқан сағат белдеуіне қатысты және діни ахуал мен тіл мәселесіне де тоқталды. Әділ әрі тиімді салық жүйесін құру еліміздің болашағына, кейінгі ұрпақтың тұрмысына тікелей әсер ететіндігін ашып айтты.
Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы ең алдымен салықтық реформа турасында сөз қозғады. Бюджет шығындарының тең жартысы әлеуметтік салаға бағытталған Қазақстан үшін салық жүйесі тұтас мемлекеттік жүйенің тірегі. «Бюджетте қаржы болмаса, мемлекет өз міндетін толық атқара алмайды, әлеуметтік міндеттемелер де орындалмайды»,– деді Президент. Осы орайда салығын уақытылы төлеп, адал еңбек ететін кәсіпкерлерге мемлекет қашанда қолдау білдіріп отырады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
«Билік бизнеске қолдау көрсетіп келді, көрсете де береді. Бұған күмән болмауға тиіс. Бірақ бизнестің өзі заңды және заңсыз болады. Біз заңды сақтау, тәртіпке бағыну керек деп жатамыз. Ендеше Үкіметтің және жалпы биліктің қолдау шараларының игілігін, бірінші кезекте, адал әрі жауапты, ең бастысы, заң аясында жұмыс істейтін кәсіпкерлер көруге тиіс» деп айта өтті.
Ойыл аудандық кірістер басқармасының басшысы — Майланов Берік Максимович