Экономика

«ИСЛАМ – ТАЗАЛЫҚТЫҢ ДІНІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың 4-ші отырысы өтті. Мемлекет Басшысы: «Ислам – тазалықтың діні. Өркениетті ел болу үшін тазалық ұғымы қоғамда терең орнығуы керек. Былтырдан бері елімізде «Таза Қазақстан» акциясы жүріп жатыр. Жалпыұлттық жоба жұртшылықтың кең қолдауына ие болды. Әсіресе, жастарымыз, соның ішінде еріктілер ерекше белсенділік танытты. Ұлттық құрылтай мүшелері де игі іске атсалысты. «Таза Қазақстан» жай науқан емес екенін мен бірнеше рет айттым. Оның түпкі мазмұны көшені, ауланы тазалаумен шектелмейді. Бұл – ұлттық болмысымызға қатысы бар мәселе, тұтас еліміздің келбетін өзгертетін бастама. Рухани тазалық – ұлт сапасын айқындайтын маңызды фактордың бірі» — деді. Әр адам қоршаған ортаны таза ұстауға және тазартуға өз үлестерін қосуға міндетті деп есептеймін. Басқа да қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарды Ұлттық құрылтай мүшелері ортаға салды. Көтерілген мәселелер нақты әрі жүйелі шешімін табады деп сенімін.
Қызыр Бақжарық
Ойыл аудандық мешітінің бас имамы

Related Articles

Back to top button