Экономика

«САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ – БҮКІЛ МЕМЛЕКЕТТІК ЖҮЙЕНІҢ ТІРЕГІ

Отырыста Мемлекет басшысы, ең алдымен, қоғамда қызу талқыға түскен салық реформасына қатысты пікірін білдірді.
«Салық жүйесі – бүкіл мемлекеттік жүйенің тірегі. Бюджетте қаржы болмаса, мем­лекет өз міндетін толық атқара алмайды, әлеу­меттік міндеттемелер де орындалмайды. Бұл туралы белгілі экономист Жақсыбек Құлекеев жақсы айтып өтті. Еліміз үшін аса қажет шаралардың мән-маңызын халыққа егжей-тегжейлі түсіндіру керек. Жұрттың бәрі экономист немесе қаржыгер емес. Мем­лекеттің қандай шараны не үшін қолға алып жатқанын бәрі бірдей түсіне бермеуі мүм­кін. Сондықтан реформаның мәнін әр адам­ға түсінікті тілмен жеткізу керек. Үкімет салық реформасына қатысты жаңа тәсілдер­ді ұсынды. Бұл шаралар, жалпы алғанда, дұрыс. Онда негізгі экономикалық және әлеу­меттік факторлар ескерілген. Кәсіби ма­ман­­­д­ар да, жалпы жұртшылық та қосым­ша құн са­­лы­ғының мөлшерлемесін көтеру қа­жет­тігіне түсіністікпен қарайды», деді Президент.

ЖК Кәсіпкер

Шуақов Айбек Балтабайұлы

Related Articles

Back to top button