Экономика
Тариф мәселесі: ауыр шындық пен әділ шешім

Президенттің тарифтерге қатысты айтқандары көпшіліктің көңіліне бірден жаға қоймауы мүмкін. Бірақ сұхбатты оқи отырып, бұл тақырыпты айналып өту мүмкін емес екенін түсінесің. Жылдар бойы жасанды түрде төмен ұсталған тарифтер инфрақұрылымның тозуына алып келді. Арзан электр мен жанармайдың пайдасын қарапайым халық емес, ірі кәсіпорындар көрді. Сондықтан «көп тұтынған – көп төлейді» қағидаты – әділ экономика құрудың алғышарты. Ал әлеуметтік әлсіз топтарды мемлекет тікелей қолдауы тиіс.
Гульнара Бисекенова
«Шұғыла»мәдениет және демалыс орталығы басшысы



