ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ V ОТЫРЫСЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысында Парламенттің атауын өзгертуді ұсынды. Аталған ұсынысты қолдаймын. Себебі Құрылтай сөзі қазақ халқы үшін ежелден келе жатқандығы белгілі.
Мемлекет басшысы құрылтай атауын аса маңызды мемлекеттік институттың символы ретінде сақтап қалу туралы айтты.
-«Болашақ Парламенттің атауы бойынша пікірімді айтсам. Құрылтай деген атауды беру керек деп ойлаймын. Құрылтайдың тарихи аясы да, мағынасы да халқымызға да жақын. Құрылтай отырыстарын жаңғырту бастамасын мен өзім 2022 жылы көтергенмін. Осы баяндаманың басында құрылтай жұмысының тиімділігі мен пайдасына ден қойдым. Жалпы, еліміздің саяси жүйесінде Құрылтай атауын аса маңызды мемлекеттік институттың символы ретінде сақтап қалуымыз керек деп ойлаймын», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сағынов Әбділда
Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары



