Экономика

ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН АЙҚЫНДАУДА

Сыр топырағында қоғамдық пікір алмасу алаңынан ел дамуына ықпал ететін маңызды институцио­налдық тетікке айналған Ұлттық құрылтайдың секциялық отырыстары басталды. Ел дамуының басым бағыттарын айқындауда, қоғам мен билік арасындағы ашық диалогті нығайтуда ерекше рөл атқарып отырған құрылтайға жиналғандар әлеуметтік-мәдени даму, білім мен ғылым, азаматтық қоғам және экономикалық даму бағыттары аясында ұйымдастырылған отырыстарға қатысты. Мұнда айтылған ұсыныстар Ұлттық құрылтай хатшылығы арқылы зерделеніп, тиісті қорытындылар жасалады.
Құрылтайда айтылған ұсыныстар мен бастамалардың бәрі бір орталықтан сүзгіден өтіп отырғаны жасырын емес. Қазақстанда саяси жүйенің барлық тармағы түптеп келгенде бір фигураға Президентке барып тіреледі. Сондықтан бұл құрылтайды да, одан туындайтын кез келген «реформаны» да «ұлттық келісімнің көрінісі» емес, президенттік бақылаудағы саяси процесс ретінде қабылдауға тура келеді.
Болат Бақтыгереев
Ойыл аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Related Articles

Back to top button