Экономика
Халық үшін бұл референдум сонымен қатар өзін-өзі басқару мен елдің болашағына белсенді араласу мүмкіндігі.

Халық үшін бұл референдум сонымен қатар өзін-өзі басқару мен елдің болашағына белсенді араласу мүмкіндігі. Әрбір азамат дауыс беру арқылы өз ой-пікірін білдіре алады. Бұл, ең алдымен, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтады, демократиялық құндылықтарды дамытуға септігін тигізеді. Референдумның нәтижесі – бұл елдің заңнамалық базасы ғана емес, сонымен бірге халықтың көзқарасы мен ұстанымы.
Осылайша, 15 наурызда өтетін республикалық референдум – бұл тек заңды актқа дауыс беру ғана емес, азаматтық жауапкершілік пен белсенділік көрсеткіші.
Музамелұлы Мейрамбек
Мәдениет қызметкері



