Экономика
Әр азаматтың белсенділігі – демократиялық мәдениеттің көрсеткіші.

Өз құқығын пайдалану арқылы адам елдегі саяси үдерістерге ықпал етеді. Бұл – жауапкершілікті сезіну, ортақ іске үлес қосу деген сөз. Өйткені мемлекет болашағы бір ғана топтың емес, бүкіл халықтың шешіміне байланысты.
Референдумға қатысу – бейжай қалмаудың белгісі. Саналы қоғам ғана тұрақты әрі әділетті даму жолын таңдай алады. Бірлік пен ынтымақ бар жерде береке бар.
Сондықтан 15 наурыз – әрқайсымыз үшін маңызды күн. Ел ертеңі бүгінгі белсенділікке тікелей байланысты. Саналы таңдау жасап, азаматтық борышымызды орындау – ортақ міндет.
Шалабаев Тыныштыбай
Қоғам белсендісі



