Экономика

АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРҒА САЙ ЖАҢҒЫРТУ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында автокөлік жолдарын халықаралық стандарттарға сай жаңғырту – елдің транзиттік әлеуетін арттырудағы айрықша міндет екенін мәлімдеді. Мемлекет басшысының айтуынша, биыл Қазақстанда бұрын-соңды болмаған ауқымды инфрақұрылымдық жобалар басталады.
-«Елдегі автокөлік жолдарын халықаралық стандарттарға сай жаңғырту – айрықша маңызды міндет. Бұл, біріншіден, Қазақстанның батыс пен шығыс арасындағы транзит дәлізі ретіндегі рөлін арттыра түседі. Екіншіден, облыстар арасындағы көлік байланысын барынша жақсартады. Жақында Қызылорда – Жезқазған жолының Қызылордаға тиесілі бөлігі салынып бітті. Жыл соңына дейін Ұлытау облысындағы бөлігінде көлік қозғалысы толық ашылады. Жолдың жалпы ұзындығы – шамамен 400 шақырым», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мейрамбек Музамелұлы
Ойыл аудандық мәдениет үйінің кадр маманы

Related Articles

Back to top button