ӘкімдікЭкономика

БАРЛЫҚ АУЫЛДА МАЛ БАҒУ МӘДЕНИЕТІ ТӨМЕН ОНЫ ҚАЛАЙ ҚАЛЫПТАСТЫРАМЫЗ?

ӨТКЕН АПТАДА АУДАН ӘКІМІ АСҚАР ҚАЗЫБАЕВТЫҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ Ш.БЕРСИЕВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТІҢ ҚАРАТАЛ, ҚАРАСУ, ҚҰМЖАРҒАН АУЫЛДАРЫНДА ЖАЛҒАСТЫ. КЕЗДЕСУ БАРЫСЫНДА АСҚАР ҚАЗЫБАЕВ ОЙЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛАДАҒЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР МЕН АЛДАҒЫ ЖОСПАРЛАРҒА ЖЕКЕ-ЖЕКЕ ТОҚТАЛЫП, АУДАННЫҢ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДІҢ ӘР САЛАДАҒЫ ӨСІМ ДЕҢГЕЙІМЕН ТАНЫСТЫРЫП ӨТТІ.

Аудан әкімінің әлеуметтік-экономикалық саладағы атқарылған және алдағы жоспарларын тыңдаған ауыл
тұрғындары жергілікті жердегі бірқатар өзекті сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Қаратал ауылының тұрғындар тарапынан жұмыс мәселесі, қысқы мал азығын даярлау сынды бірқатар мәселелер қойылса, Құмжарған ауылында жеке шаруа қожалықтарының ауылдық округтің жайылымдық жерлерін тарылуына себеп болуы, газ мәселесі, тұрғын үй бойынша өтініштер түсті.

Қарасу ауылында жұмыс мәселесі, су және газ мәселелері, қысқа дайындық жұмыстары талқыланды. Аудан басшысы Асқар Қазыбаев ауыл тұрғындарының өтініш-тілектері мен маңызды сұрақтары бойынша арнайы іс-шаралар жоспарын құрып, қолданыстағы заң талаптары мен қаржылық мүмкіндіктерге байланысты жұмыстар жүргізілетінін айтып, ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала басшыларына тапсырмалар берді. Апта соңына қарай аудан әкімінің тұрғындар алдындағы кезекті есеп беру жиыны Ойыл ауылдық округінде жалғасты. Аудан басшысы алдымен округке қарасты Ақшатау, Қаракемер ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Ауыл тұрғындарының тарапынан орталықпен қатынайтын жол мәселесі, мал ауруларының алдын алу шаралары, газ мәселелері бойынша тұрғындардан өтініштер келіп түсті. Сонымен қатар бұл ауылдарда да жұмыспен қамту мәселесі және қысқа дайындық жұмыстары талқыланды. Кездесу соңында ауыл тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізілді. Аудан әкімінің тұрғындармен кезекті кездесуі Ойыл селосындағы мәдениет үйінде аяқталды.

Аудан орталығының тұрғындарын негізінен мал бағуды ұйымдастыру, көшенің тазалығы, мал жайылымы мен жаңа құрылыс аймағына асфальт төсеу сияқты сауалдарын қойды. Аудан басшысы Асқар Қазыбаев ауыл тұрғындарының өтініш-тілектері мен маңызды сұрақтарына қолданыстағы заң аясында жауап беріп, ауылдық округ әкімі мен тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Р. S. Аудан әкімі барлық ауылдағы кездесулерде мал бағу мәдениеті төмен екендігін жасырған жоқ. Бірақ, оны қалай қалыптастырамыз? Барлық ауылда да тұрғындардың жеке малдарын бағу мәселесі жолға қойылмаған. Жылқылар жол бойында өріп жүр… Жеке тұрғындардың малы үшін жайылымның тапшылығы – салалас мәселе.

Related Articles

Back to top button