Таңдау – әр азаматтың жауапкершілігі

Қазіргі таңда 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауына үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатыр.
Дауыс беру — әр адамның конституциялық құқығы әрі азаматтық жауапкершілігі. Себебі біз осы сайлауда заң шығаратын, халықтың мүддесін қорғайтын депутаттар мен партияларды таңдаймыз. Демек әрқайсымыздың таңдауымыз елдің болашағына ықпал етеді.
Бүгінде сайлауға қатысудың еш қиындығы жоқ: қай сайлау учаскесінде дауыс беретініңізді онлайн тексеруге болады, ал дауыс беру күні тіркелген мекенжайыңызда болмасаңыз, оған да заңда қарастырылған мүмкіндіктер бар. Беделді, халықтың сеніміне ие өкілді орган өзінен-өзі қалыптаспайды. Ол азаматтардың белсенділігі мен таңдауынан құралады. Сондықтан мәселе тек сайлауға баруда емес. Мәселе – елдің болашағына қатысты өз ұстанымыңызды білдіресіз бе, әлде бұл таңдауды өзгелерге қалдырасыз ба? Таңдау — өз қолымызда.
Клара Серғазина,
еңбек ардагері.


