Құрылтайы депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу мәселелері бойынша оқыту семинары өткізілді

2026 жылдың 30 шілдесі күні Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Н.М.Жүсіповтің қатысуымен аудандағы 25 сайлау учаскесінің төрағалары,төрағаның орынбасары мен комиссия хатшыларымен 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу мәселелері бойынша оқыту семинары өткізілді. Семинар барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға енгізілген өзгерістер түсіндіріліп, кейстік тапсырмалармен жұмыс және тестілеу өткізілді. Семинардың өтуі кезінде қатысушылардың сұрақтарына толыққанды жауаптар берілді. Семинарға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері мен учаскелік сай комиссияларының төрағалары,төрағаның орынбасары мен комиссия хатшылары қатысты.
Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды үдерістердің бірі. Бұл сайлау азаматтардың ел болашағына қатысты шешімдер қабылдауға тікелей қатысуына мүмкіндік беретін маңызды демократиялық тетік.
Сайлау үдерісін ұйымдастыру барысында заң талаптарының қатаң сақталуы, ашықтық пен әділдік қағидаттарының қамтамасыз етілуі аса маңызды.



