Жаңалықтар

МЕКТЕПКЕ ЖОЛ – МЕЙІРІМ МЕН ҚАМҚОРЛЫҚТЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ

Жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы Ойыл ауданында да жалғасын тауып, игі іске аудан тұрғындары мен еңбек ұжымдары белсенді түрде атсалысуда.

Жыл сайын балаларды қуанышқа бөлеп, қайырымдылық шарасына тұрақты түрде қолдау көрсетіп келе жатқан ауданымыздың меценаты, «Анвар» ЖШС директоры Талғат Маратұлы биыл да 1-сыныпқа баратын 350 оқушыға мектеп сөмкелері мен қажетті оқу құралдарын тарту етті.

Талғат Маратұлының бұл игі бастамасы бірнеше жылдан бері дәстүрлі түрде жалғасып келеді. Жыл сайын мектеп табалдырығын алғаш аттайтын бүлдіршіндерге қажетті оқу құралдарын сыйға тартуы – өскелең ұрпаққа деген жанашырлық пен әлеуметтік жауапкершіліктің жарқын көрінісі.

Қайырымдылық акциясына аудандық кәсіподақ ұйымы, Ойыл кәсіптік колледжінің ұжымы, аудандық сот пен прокуратура қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары, белсенді кәсіпкерлер және білім беру ұйымдарының ұжымдары да белсенді түрде қатысып, балаларға қолдау көрсетуде.

Осындай ізгі бастамалардың арқасында жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көптеген отбасыға қолдау көрсетіліп, балалардың мектепке қажетті құралдармен қамтылуына мүмкіндік жасалуда.

Related Articles

Back to top button