Жаңалықтар
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»: 25 АДАМҒА ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Ойыл аудандық мешітінде Зекет және қайырымдылық қорының Ойыл ауданы бойынша өкілінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» жобасы акциясы өтті.
Қайырымдылық шарасы аясында 25 адамға 15 000 теңгеден ақшалай көмек көрсетіліп, жаңа оқу жылына дайындық барысында қолдау білдірілді.
Шара соңында Ойыл ауданының бас имамы Бақжарық Қызырұлы акцияға атсалысып, қайырымдылық жасауға үлес қосқан демеуші барша азаматтарға ризашылығын білдірді.
– Игі іске қолдау көрсетіп, мұқтаж жандарға көмек қолын созған барша жанға алғысымызды білдіреміз. Жасаған қайырымдылықтарыңыз қабыл болып, Алла разы болсын! Осындай сауапты істердің берекесі артып, ел ішінде мейірімділік пен жанашырлық көбейе берсін, – деді бас имам.
Өз тілшіміз



