Жаңалықтар

«TAZA QAZAQSTAN» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАЛ ЕГІЛІП, ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

19 қыркүйек күнтізбеде – Дүниежүзілік тазалық күні. Осы күні әлемнің түкпір-түкпірінде адамдар қоршаған ортаны тазартуға шығады. Ойылдықтар да бұл бастамадан шет қалған қалған жоқ. Өткен сенбі күні «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында өткен «Дүниежүзілік Тазалық күні «акциясына үн қосты.

Тал егу жұмыстары жаңа балабақша аумағында жүргізілді. Акция барысында аудан әкімі С. Займолдин, аудан әкімдігі, аудан тұрғындары, мәслихат депутаттары, аудан жастары мен түрлі мекеме қызметкерлері бірлесіп, туған жердің гүлденуіне өз үлестерін қосты.

Аталған ауқымды жұмыстың басты мақсаты – Ойыл өңірінің табиғи сұлулығын сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың туған жерге деген жанашырлығын арттыру. Сондай-ақ, осы акция аясында Ойыл ауылы шетіндегі Сегізсай маңы қоқыстан тазартылып айналасы ретке келтірілді.

Бұл игі бастама – табиғатты қорғауға бағытталған нақты қадам әрі қоғамның ортақ іске жұмылуының жарқын көрінісі.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Ойыл ауылдық округінде екі айлық тазалық жұмыстары басталды.

Акцияның алғашқы апталығында ауданның барлық мекеме қызметкерлері мен жастары тазалық жұмыстарына белсенді атсалысты. Жалпы 100-ге жуық адам жұмылдырылып, ауыл аумағын қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді.

Тазалық жұмыстарына 2 ауыр жүк көлігі және 1 арнайы жүк тиегіш техника тартылып, жиналған қоқыстар белгіленген орындарға шығарылды.

Аталған жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады. Ауылдың көшелері мен аумақтары кезең-кезеңімен қамтылып, тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.

Тазалық – елді мекеннің көркі ғана емес, тұрғындардың ортақ жауапкершілігінің көрсеткіші. Осыған байланысты Ойыл ауылдық округінде тазалық пен абаттандыру бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда болып, белгіленген жоспарға сәйкес жалғасын табады. Барша тұрғындарды қоғамдық тәртіп пен тазалық талаптарын сақтауға, ауыл аумағын таза ұстауға және елді мекенді көркейтуге бағытталған жұмыстарға белсенді түрде атсалысуға шақырамыз. Туған жердің тазалығы мен көркеюі – ортақ міндет.

Related Articles

Back to top button