Жаңалықтар

ЕРІКТІ ЖАСТАР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ АКЦИЯ ӨТКІЗДІ

Облыстық ақпараттық-насихат тобының ​Ойыл ауданына жасалған жұмыс сапары аясында белсенді жастар мен волонтерлер сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ауқымды ақпараттық акция ұйымдастырды.
Акция барысында Ойылдағы ерікті жастар аудан тұрғындарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары мен құқықтық кеңестер жазылған арнайы флаерлер мен ақпараттық парақшалар таратты. Адам көп жиналатын қоғамдық орындарға, сауда нүктелеріне және мемлекеттік мекемелердің ғимараттарына жемқорлықтан бас тартуға шақыратын айшықты плакаттар орналастырды.
Бұл шараның басты мақсаты — әрбір азаматтың бойында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен «мүлдем төзбеушілік» қағидатын нығайту және мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді арттыру болып табылады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу — әрбір азаматтың міндеті. Таза қоғамды бірге құрайық!

Related Articles

Back to top button