Уақытылы тексерілу – өзіңізге деген қамқорлық
2026 жылдан бастап Қазақстанда тегін профилактикалық скрининг бағдарламасы кеңейтілді. Онкоскринигтер мен әлеуметтік маңызы бар ауруларды диагностикалау МӘМС мәртебесінің болуына қарамастан барлық азаматтарға тегін қол жетімді болды.

– Скрининг дегеніміз не және оның маңызы қандай?
– Скрининг – ауруларды алғашқы белгілері байқалмай тұрып анықтауға арналған профилактикалық тексеру. Ерте анықталған ауруды емдеу жеңіл әрі тиімді болады, сондықтан әр азамат өз жасына сәйкес скринингтен уақытылы өтуі қажет.
– Скринингтен кімдер өте алады?
— Тексерулерді тіркелген жері бойынша емханадан өтуге болады.
Жатыр мойнының негізгі Тегін скринингі: 30-дан 74 жасқа дейінгі әйелдер (4 жылда бір рет).
Сүт безінің қатерлі ісігі: 40 пен 76 жас аралығындағы әйелдер (2 жылда бір рет).
Колоректальды қатерлі ісік (тоқ ішек және тік ішек): 50-ден 76 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер (2 жылда бір рет).
Жүрек-қан тамырлары аурулары және қант диабеті: артериялық гипертензияны, жүректің ишемиялық ауруын, глаукоманы және қант диабетін анықтауға 40-76 жас аралығындағы адамдар (2 жылда бір рет).
Инсультті ерте анықтау: 50 жастан асқан ер адамдар.
Өкпенің қатерлі ісігін ерте анықтау: белгілі бір жас кезеңдеріндегі тәуекел топтары үшін (темекі шегушілер мен зиянды өндіріс қызметкерлері).
– Егер скрининг нәтижесінде өзгеріс анықталса не болады?
– Қосымша тексерулер тағайындалып, қажетті жағдайда бейінді маманға жолдама беріледі. Диагноз расталса, әрі қарай емдеу және динамикалық бақылау МӘМС аясында ұйымдастырылады.



