«ТӨРТ ТҮЛІК» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ ҚАНДАЙ МҮМКІНДІКТЕРІ БАР?

Мал шаруашылығы — халқымыздың дәстүрлі кәсібінің бірі. Қазіргі заманда технологияның дамуына байланысты мал шаруашылығын цифрландырудың маңызы артып келеді. Осы мақсатта «Төрт түлік» мобильді қосымшасын айтуға болады. Қосымшаның негізгі мақсаты — мал иелеріне өз малдарын бақылауға, олар туралы ақпаратты сақтауға және шаруашылық жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға көмекутесу.
«Төрт түлік» мобильді қосымшасының басты мақсаты — мал шаруашылығын басқаруды жеңілдету және қажетті ақпаратты бір жерге жинақтау. Қосымша арқылы пайдаланушы:
— малдың түрін және санын тіркей алады; — әр мал туралы жеке ақпарат сақтай алады; — малдың жасын, жынысын және тұқымын белгілей алады; — вакцинация және ветеринариялық тексеру күндерін қадағалай алады; — малдың төлдеуін және басқа да маңызды оқиғаларды тіркей алады. Қосымшаның негізгі бөлімдері
— Бұл бөлімде пайдаланушы өзінің жылқысы, түйесі, сиыры, қойы және ешкісі туралы мәліметтерді енгізеді. — Әр малға жеке профиль жасалады. Онда аты немесе нөмері, жасы тұқымы, жынысы және басқа да қажетті мәліметтер көрсетіледі. — Малға вакцина салу, тексеру, емдеу туралы ақпарат сақталады. Қажетті күнге еске салғыш қоюға болады. — Қосымша маңызды шаруаларды уақытында еске салады. Мысалы, вакцина жасау немесе ветеринарға көрсету мерзімі жақындағанда хабарлама жібереді. — Пайдаланушы өз шаруашылығындағы малдың жалпы санын және әр түліктің санын көре алады. «Төрт түлік» мобильді қосымшасы мал шаруашылығын жүргізетін адамдарға уақытты үнемдеуге көмектеседі. Барлық ақпарат қағаз дәптерге емес, телефонда сақталады. Сонымен қатар қосымша малдың жағдайын бақылауды жеңілдетіп, қажетті жұмыстарды уақытында орындауға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе ондаған немесе жүздеген малы бар шаруашылықтар үшін тиімді.
«Төрт түлік» мобильді қосымшасы — дәстүрлі мал шаруашылығын заманауи техналогиямен байланыстыратын пайдалы жоба. Оның көмегімен мал туралы ақпаратты сақтау, ветеринариялық жұмыстарды бақылау және шаруашылықты тиімді ұйымдастыруға болады. Болашақта қосымшаға GPS арқылы малдың орналасқан жерін бақылау, ауа-райы туралы ақпарат, малдың нарықтық бағаларын көрсету және ветеринариямен онлайн байланысу сияқты жаңа мүмкіндіктер қосуға болады. «Төрт түлік» жобасы ұлтық құндылықтарды сақтай отырып, цифрлық технологияларды ауыл шаруашылығында тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сол себептен «Төрт түлік» қосымшасына телефоныңыз арқылы тіркеліңіз.
ҚР АШМ ВБжҚКомитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы



